Атырауда бірқатар кадрлық өзгерістер болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болып, бірден үш басқарманың басшысы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда бірқатар кадрлық өзгерістер болды

«Ендігі кезекте облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасына бұған дейін жастар саясатын басқарып келген Жасұлан Бейсембай жетекшілік етсе, Ғибрат Сүлейменов мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс басқармасын басқарады. Ал  өңірдегі құрылыс саласын  Малик Аманов тізгінге алады», - деді әкімнің баспасөз қызметі.