Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының бірнеше шағынауданында жарық сөніп қалды. Бұл деректі Атырау облысының энергетикалық кешенінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қаласында Жайық өзенінің сол және оң жағалау бөлігіндегі «Балауса», «Ракуш», «Лесхоз», «Авангард» пен «Нұрсая», «Жерұйық» шағынаудандарында апаттық жағдай тіркелді. Соған байланысты уақытша жарық болмайды. Апаттың себебі анықталып, қалпына келтірілген соң жарық толықтай беріледі

, - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда, мұнайлы шаһардағы «Ақсай», «Жұлдыз», «Көктем», «Балықшы» шағын аудандарында да жарық өшкен.

Электр қуатының жоқтығынан бағдаршамдар істемей қалған. Сол себептен, кейбір көшелердің қиылысында көлік кептелісі байқалды.

Бұған дейін ертең Атырау қаласының 25 көшесінде күні бойы электр энергиясы өшірілетінін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Атыраудың бір бөлігінде тұрғындар 3 күн ыстық сусыз отыратыны хабарланды. Ыстық су беру 3 шілдеде тоқтатылған. Бұл үзіліс 5 шілдеге дейін жалғасады. Осы кезеңде үш жылу пункттінде жабдықтарды тексеру жүргізіледі.

«Тұрғын үйлерге ыстық су беруді тоқтату күрделі жөндеу жоспарына сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексерумен байланысты болып отыр. «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 3-5 шілде аралығында үш жылу беру пунктінде жөндеу және тексеру жүргізеді», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар
telegram