Атырауда биыл масаны улауға 50,4 млн теңге бөлінді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда масаға қарсы дезинсекция жүргізуге 50,4 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кестеге сәйкес масаны жою жұмыстары бірінші кезекте көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі мен кіреберісінде жүргізіледі, Бұдан кейін дезинсекция жұмыстары тұрғын үйлер алабы мен саябақтарды қамтитын болады. Тендерлік конкурстың жеңімпазы атанған «AG Disinfection» ЖШС-дан бөлінген үш бриагада құрамында 25 маман мен 45 арнайы техника бар. Қазір арнайы мамандар роторлы бүріккішпен масаны улауды қолға алды. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 50 млн 400 мың теңге бөлінді», - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өткен жылға дейін мердігер мекеме мұнайлы шаһар мен оған таяу орналасқан елді мекендерді масаға қарсы улау жұмысымен қамтыған. Ал қала әкімдігіне қарайтын ауылдық округтердің әкімі масамен күресті өздері ұйымдастырады.

Еске салайы, былтыр Атырауда масаны улауға 130 млн теңгеге жуық қаржы бөлінгенін жазған болатынбыз.

2022 жылы шаһар бюджетінен масаға қарсы дезинсекциялық жұмысқа 129 млн 995 мың теңге қаралған. «Қаңтарда масаға қарсы дезинсекциялық жұмысты жүргізуге тендерлік конкурс жарияланған еді. Алайда, қатысушылардың құжаттарына байланысты конкурс сәуір айына ауыстырылды. Сол себептен, қаланың кейбір бөлігінде демеушілік көмекпен масаға қарсы улау басталды», - деп хабарлаған еді қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар