Атырауда бөтеннің көлігін айдап кеткен мас ер адам қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Атырауда бөтеннің көлігін айдап кеткен мас ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас ер адам түнде біреудің ауласында тұрған «Toyota Ipsum» автокөлігін заңсыз айдап кеткен.

«Атырау қаласының 48 жастағы тұрғыны көлігінің ұрланғанын келесі күні біліп, полиция қызметкерлеріне шағымданды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, 3 сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні іздеп тапты. Мас күйде болған 34 жастағы тұрғын заңсыз әрекетке барғанын мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бөтеннің көлігін ұрлаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік ұрлаған жасөспірім ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар