Атырауда былтырғы маусымнан бері 12 мыңнан астам нәресте өмірге келген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда былтырғы маусымнан бері 12 мың 365 бала өмірге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда былтырғы маусымнан бері 12 мыңнан астам нәресте өмірге келген

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі мамандарының мәліметінше, былтырғы 1 маусым мен биылғы 30 маусым аралығында жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің саны 12 мың 365-ке жеткен. Бұл 2019-2020 жылдардың есепті кезеңінен 1 113 балаға көп.

«Ата-аналар ұлдарына Нұрислам (190), Ибрахим (186), Әлихан (165), Ахмад (160), Әмір (146) есімдерін беруді жөн көрген. Сондай-ақ, Айәділ, Асад, Дамиль есімдері де кездеседі. Ал, қыздарда Айша (294), Айлин (273), Аяла (279), Медина (271), Раяна (228) есімдері көбірек қойылған» -дейді бөлім мамандары.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы модульдік ауруханада 88 нәресте дүниеге келгенін жазған едік.