Атырауда дәрігерлер тұрғындарды жұрт көп жиналатын орындарға бармауға шақыруда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дәрігерлер менингококк инфекциясының қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда дәрігерлер тұрғындарды жұрт көп жиналатын орындарға бармауға шақыруда

«Алматыда халық арасында менингококк инфекциясының жұғуы жиілеуіне байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындарды сақтандыруда. Аурудың алғашқы симптомдары, мысалы, бас ауруы, тамақ ауруы, мазасыздық, бөртпе пайда болса, жедел жәрдем шақырыңыз немесе жергілікті дәрігерге хабарласыңыз», - деп ескертеді.

Қазіргі уақытта барлық емханалар күн сайын таңғы 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Өзіңізді гипотермиядан қорғаңыз. Көпшілік жиналатын жабық ғимараттағы мәдени іс-шараларға, спорттық жарыстарға қатысуға, бассейнге түсуге шектеу қоюды сұраймыз. Ал, құлшылық мақсатында мешітке барған уақытта медициналық маска киіп, жеке гигиенаны қадағалаңыз. Шетелге шығатын болсаңыз, міндетті түрде вакцина алыңыз», - деп кеңес береді дәрігерлер.