Атырауда дарынды балалар үшін спорт мектеп-интернаты салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дарынды балалар үшін спорт мектеп-интернаты салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда дарынды балалар үшін спорт мектеп-интернаты салынады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Атырау облысына арнайы іс-сапармен келді.

Дирекция басшысы облыстағы спорттық нысандары аралап, спорттың даму барысымен танысты. Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің мәжіліс залында баспасөз мәслихаты өтіп, бұқаралық спортты дамытуға арналған ҰОК-нің жаңа жұмыс форматы түсіндірілді. Жиынға спорт қызметкерлері және олимпиадалық спорт түрлерінен облыстық федерация басшылары мен өкілдері қатысты.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет облысымыздағы олимпиадалық спорт түрлерінің даму туралы есеп берді. Спорт түрлерін саралау бойынша өткен жиында бүгінгі күнгі басты мәселелер қозғалып, дирекция басшысына ұсыныстар айтылды.

Бүгінгі күндері Атырау облысы бойынша спорт саласында көптеген айтулы жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Соның бірі, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының құрылысын салу болып табылады. Мұнымен қоса, 44 спорттық нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Жалпы Атырау облысы бойынша 22 жазғы олимпиадалық спорт түрлері саралаудан өтті: «А» тобында - 11, «В» тобында - 9, «С» тобында-2.

Сондай-ақ,  Исатай мен Махамбет аудандарында қазіргі уақытта жаңа спорт мектептерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде. Елсияр Баймұхамедұлы аудандарды аралау барысында өзінің оң бағасын берді.

null