Атырауда демалыс базасындағы үйлену тойы дронмен анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда демалыс базасындағы үйлену тойы дронмен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, карантин кезінде демалыс базасының бірінде үйлену тойы өткен.

Мониторинг тобы 8 тамызда Береке ауылындағы демалыс базасының бірінде өткізілген үйлену тойын дрон арқылы анықтады.

Әуеден түсірілген видеода демылыс базасының аумағында көп көліктің тұрғаны байқалды.

Топ мүшелері демалыс базасына барғанда 90-ға жуық қонақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқанын тіркеді.

«Демалыс базасының әкімшісі карантин шектеуіне қарамастан салтанатты іс-шара өтетін нысанды жалға бергенін мойындады» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мейрамханадағы үйлену тойы тарқатылған болатын.


Соңғы жаңалықтар