Атырауда департаментке жаңа басшы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Асылбек Хамзеұлы Шаров Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Департаменттің жаңадан тағайындалған басшысын ұжымға әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырды.
Асылбек Хамзеұлы 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген.
2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының медициналық-профилактикалық іс факультетін, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығын бітірген.
2016 жылы Казақстанның Мемлекеттік құқықтық университетін аяқтап құқық мамандығын алған.
Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің коммуналдық гигиенасы бойынша бас маман болып бастаған.
2006- 2011 жылдары Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады.
2011 жылдың 24 сәуірінен бастап 2012 жылғы 2 мамырға дейін Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы, 2012- 2014 жылдары Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы, 2014- 2017 жылдары Жаңаөзен қалалық ТҚҚ басқармасының басшысы болды.
2017- 2018 жылдары Жаңаөзен қалалық ҚДС басқармасына, 2018-2019 жылдары Түпқараған аудандық ҚДС басқармасына басшылық етті.
2019- 2020 жылдары Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2020 жылғы қаңтар- маусымда Шетпе ауылының әкімі болды.
Биылғы 8 маусымнан Маңғыстау облысының ТКҚСҚБ департаментінің жұмыс орындарындағы және коммуналдық мақсаттағы объектілердегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.


Соңғы жаңалықтар