Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрым Оразбаевтың айтуынша, 31 жастағы ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.

«Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағым өкілінен серия нөмірі өшірілген «ОСА» маркалы травматикалық тапаншаны тауып, тәркіледі. Қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды» - деді полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.



Соңғы жаңалықтар