Атырауда дөңгелектерді жөндеу шеберханасы отқа оранды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дөңгелектерді жөндеу шеберханасы өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда дөңгелектерді жөндеу шеберханасы отқа оранды

«Кеше Атырауда 23.33 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы № 99 көшесінде орналасқан дөңгелектерді жөндеу шеберханасында өрт болды. Жалпы аумағы 84 шаршы метрді шарпыған жалын 00.47 сағатта сөндірілді.  Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің17 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды», деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

   Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.