Атырауда дүкенге «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дүкенге мина қойылды деп жалған хабар берген адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін түс қайта қала орталығындағы тұрғын үй қоршауға алынды. Жедел қызметкерлер арнайы жабдықтармен келіп дүкендердің бірінен жарылғыш зат іздеді. Куәгерлердің айтуынша, полицияға телефон арқылы дүкенге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берілген.
«Жарылғыш зат туралы жлған ақпарат берген ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабына («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу амалдарының мүддесіне орай, басқа ақпарат құпия сақталып отыр», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Фото: newkuban.ru