Атырауда eatyrau.kz электрондық қызметтер порталы іске қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Портал өз жұмысын ағымдағы  жылдың қаңтар айында бастады және 100-ден астам өтінім электронды түрде беріліп, өңделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еatyrau.kz порталы - Атырау облысы Геопорталының кіші жүйесі. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы онлайн қызметтерді алуға және ұсынуға арналған.

Әзірлеушілердің айтуынша, мұнайлы өлке тұрғындары құжатты, рұқсатты немесе мақұлдауды, әсіресе жер учаскесін немесе құрылысты алатын кезде көп уақыт жоғалтпайды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында цифрлық форматқа көшіру және автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту мақсатында Атырау қаласында Электрондық қызметтер мен сервистер порталы іске қосылды. eatyrau.kz порталы өтініш берушіге үйден немесе кеңседен шықпай қызмет алуға, өтініш беруге мүмкіндік беріп қана қоймай, қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық ұйымдары арасындағы келісу процесін толығымен автоматтандырады. Осылайша құжаттарды жіберу және олардың әрқайсысынан жауап күту уақыты қысқарады», - дейді «Alora IT Solutions» ЖШС бас директоры Асқар Хабибуллин.

Айта кетейік, қазіргі таңда порталда 16 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылдың тамыз айында құрылысшылар Атырау облысының барлық аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар