Атырауда екі «Газель» көлігі өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде екі «Газель» көлігі өртеніп кетті, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда екі «Газель» көлігі өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көлік те 16 қарашада өртенген.

«Таңертеңгі сағат 08:26-да Атырау қаласының маңындағы Еркінқала кентінде жолаушылар тасымалдайтын «Газель» өртенді. Жек иеліктегі тұрғын үйдің аумағында отқа оранған көлікті сөндіруге 7 қызметкер, арнайы 2 техника, «Пурга-2» өрт сөндіру қондырғы жұмылдырылды. Жалынды өшіру үшін 153 литр көбік шашылды.

Ал екінші «Газель» сағат 11:40-та Атырау қаласындағы Неверов көшесінде өртенді.

Арнайы қызметтің 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылды. «Пурга-2» қондырғысымен 153 литр көбік шашылып, тілсіз жау сағат 11:53-те ауыздықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.