Атырауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 9 қыркүйекте болған.

«Бүгін сағат 07:50 шамасында «Атырау-Орал» бағытындағы күре жолдың 57-шақырымында «Тoyota Prada» мен «Skoda Rapid» көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жол апатында үш адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.