Атырауда екі қойма өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда екі қойма нысаны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қыфзметі сілтемемен.

Атырауда екі қойма өртенді

«2 қыркүйек күні 15:21-де Атырау қаласында «Строй Маркет» ЖШС-ға тиесілі бір-бірінен бөлек тұрған екі қойма ғимаратында өрт болды. Жалын 270 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау 16:55-те ауыздықталып, 17:21-де толықтай сөндірілген. Жапа шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Жалынды сөндіруге 16 өрт сөндіруші және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Олар - Атырау облысы Өрт сөндіру қызметінің, өрт сөндіруші ерікті топтың, ТЖК-ге қарасты «Өрт сөндiрушi» АҚ қызметкерлері.