Атырауда ер адам электр желісіне соғылып көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ер адам электр желісіне соғылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда ер адам электр желісіне соғылып көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 16 шілдеде сағат 13:26 шамасында болған.

«Атырау қаласының іргесіндегі ауылдық округтердің бірінде 1988 жылы туған ер адам тоққа түсіп, мерт болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түскен еді.