Атырауда ер адам көпірден секіріп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпірден секірген 39 жастағы ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда ер адам көпірден секіріп кетті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін, 29 қазанда болған.

«Бүгін сағат 7:20-да 1982 жылы туған ер адам Атырау қаласындағы Жайық өзенінің үстінен салынған орталық көпірден секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағасынан әйелдің денесі табылғанын жазған болатынбыз.