Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталды

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетел азаматтары «Іздеу» арнайы операциясының барысында анықталып, ұсталған. Олардың бірі – Өзбекстан елінің 38 жастағы азаматы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексі 160-бабының 4-бөлімі («Аса ірі көлемдегі өзгенің мүлігін иемдену») бойынша халықаралық іздеуде болған. Өзбекстан елінің тағы бір азаматы, 36 жастағы ер адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165-бабы («Бопсалаушылық») бойынша іздестірілді.

Ұсталғандар туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігі, Ресей және Өзбекстанға жолданды.