Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды. Оның бірі – шетелдік, деп хабарлайды ҚазАқпа­рат.

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

Облыстық полиция де­партаментінің баспас­өз қызметінен мәлім еткендей, Атырауда «Іздестіру» операциясы өтіп жатыр.

Аталған шара 18 наурыз­ға дейін жалғасады.

«Полиция қызметкерл­ері екі күнде​ хаба­р-ошарсыз кеткен 2 адамды тауып, сот үкі­мімен халықаралық із­деу жарияланған 3 қы­лмыскерді қолға түсі­рді. Халықаралық ізд­еуде болғанның біреуі – Өзбекстан Респуб­ликасының 33 жастағы азаматы. Оған қатыс­ты​ 2019 жылы Ресей Федерациясы ІІМ РФ Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4-бөліг­імен қылмыстық іс қозға­ған», -деп хабарлады​ департаменттің ба­спасөз қызметі.

Атырау облыстық пол­иция департаменті кр­иминалды полиция басқармасының қызметкер­лері ұстаған шетелді­к​ уақытша ұстау из­оляторына қамауға ал­ынды.