Атырауда халықаралық көрмеден ұрланған заттар тәркіленуде

АТЫРАУ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Атырауда халықаралық көрмені тонап кеткен азаматтар анықталды.

Атырауда халықаралық көрмеден ұрланған заттар тәркіленуде

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуы бойынша, жедел тергеу тобы ұрланған заттар тығылған пәтерге келіп үлгерген. Қазір олар дәлелдер жинаумен айналысуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Атыраудағы халықаралық көрмеде ірі көлемдегі ұрлық жасалды. Ұрланған заттардың алдын ала сомасы - 450 мың доллардан аз емес, шындығында ол әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Халықаралық сауда көрмесіне Ресей, Испания, Үндістан, Беларусь, Украина, Түркия, Қырғызстан елдерінің компаниялары қатысуда. Ол «Мұнайшы» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Қала прокуроры Халидолла Дәуешевтің айтуынша, ұрылар кешенге терезе арқылы кіріп, зергерлік бұйымдар, асыл және жартылай асыл тастар, қымбат киім, парфюмерия сияқты бағалы бұйымдарды ұрлаған.