Атырауда химия зауыты аумағында өрт шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы химия зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда химия зауыты аумағында өрт шықты

Атырауда бұрын полимер шығарылған зауыт аумағы жанып жатыр. Қазір мұнда химиялық өнімдер шығарылмайды. Бірақ, зауыт аумағында бірнеше өндіріс жұмыс істеп тұр.

Зауыт ЖЭО-ға жақын маңда орналасқандықтан, өрт өте қауіпті болып отыр.