Атырауда интернационалист жауынгерлердің ескерткішін орнатуға бөлінген 9 миллион теңгені жымқыру фактісі анықталды

АТЫРАУ. 13 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда интернационалист жауынгерлердің ескерткішін орнатуға бөлінген 9 миллион теңгені жымқыру фактісі анықталды.

Атырауда интернационалист жауынгерлердің ескерткішін орнатуға бөлінген 9 миллион теңгені жымқыру фактісі анықталды

Атырау облысы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Әблезовтың хабарлауынша, ақшаны әйел азамат алған, яғни нысанды салу үшін тендер ұтып алған «Зодиак» ЖШС-ның жетекшісі. Ескерткішті салмастан, кәсіпкер әйел құжатты қолдан жасап, ескерткіш салынды деген жалған факт арқылы ақшаны алып алған.

«Зодиак» ЖШС-ның жетекшісіне қатысты қылымыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді», - деп ақпараттандырды Қ.Әблезов.