Атырауда ірі көлемдегі жүк темір аркаға кептеліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фейсбук пайдаланушысы Азамат Құлтаев видео жариялады, онда Атыраудың айналма жолындағы өтпеден шыға берістегі темір аркаға мұнай өңдеу кешенінің ірі көлемдегі құрылғысы сыймай қалғаны көрсетілген.

Атырауда ірі көлемдегі жүк темір аркаға кептеліп қалды

Ірі көлемдегі жүк тиелген машина қаладан шыға берісте темір арқаға тіреліп қалған. Арканың темірлері майысқанымен құрылғының өзіне айтарлықтай зақым келмегені байқалады. 

Бейнекөріністе оқиға орнында көліктер кептелісі пайда болып, онда полиция келгенін көруге болады.
Видеода оқиғаның қай кезде болғаны көрсетілмеген.