Атырауда ит қауып, клиникалық өлімді бастан кешкен бала ауруханадан шығады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ит қауып, клиникалық өлімді бастан кешкен жеті жасар бала облыстық балалар  ауруханасынан шыққалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Атырауда ит қауып, клиникалық өлімді бастан кешкен бала ауруханадан шығады

«Бізге өте ауыр жағдайда түскен баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Жаралары жазылып келеді және апта соңында оны үйге шығарамыз. Тұрғылықты жері бойынша дәрігерге қаралып тұрады», - деді Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл Айтмұханбетов.

Еске сала кетсек, Еркінқала кентінде бір топ қаңғыбас ит жеті жасар баланы талаған. Ол ауруханаға клиникалық өлім жағдайында түсті. Алайда реаниматолог оның жүрегінің жұмысын қалпына келтіре алды.