Атырауда итті қағып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мамандандырылған әкімшілік сот итті қағып кеткен көлік жүргізушісіне үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда итті қағып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды

«Соттың анықтауынша, «Газ 3302-288» маркалы көлікті басқарған жүргізуші Д. Авангард шағынауданындағы №1 үй алдында итті қағып кеткен. Joker есімді ит зардап шегуші Г.-нің үй жануары болған. Сот отырысында құқықбұзушы өз айыбын толық мойындады және ит қожайынына барлық материалдық шығынды өтейтініне сөз берді.

Сот қаулысымен Д. қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзуда кінәлі деп танылды. Оған 14 847 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.