Атырауда қария жоғалып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 61 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда қария жоғалып кетті

«Із-түзсіз кеткен 61 жастағы Юрий Барнашовтың жақындары берген ақпаратқа қарағанда, ол 1 тамыз күні  үйінен шығып қайтып оралмаған. Юрий Барнашовтың жоғалғандығы туралы өтініш полицияға 2 тамыз күні түскен. Оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр» , - деді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жоғалған ер адамның туыстарының сөзінше, ол соңғы кездері ұмытшақ ауруына шалдыққан.