Атырауда Каспий маңы мемлекеттері студенттерінің спорттық ойындары өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Универсиаданың салтанатты ашылуы 24 қыркүйекте Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараны Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа 5 мемлекеттің 700 спортшысы қатысады.

Универсиада 10 спорт түрінен жеңімпаздарды анықтайды. Студенттер баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, бокс, каратэ-до және т.б. университеттердің басқа өкілдерімен бәсекелесуге ниетті. Барлығы 400 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

«Қазақстан, Ресей, Иран және басқа елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында осындай ірі спорт жарыстарын өткізу бүкіл Атырау облысы үшін үлкен мәртебе. Университетке 170-тен астам спортшы қатысады. Біз олардың жеңісіне сенеміз және оларға сәттілік тілейміз», - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Сағынбек Аронов.

Айта кетейік, универсиада 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал алғашқы ойындар Астрахань қаласында өткен. Әртүрлі елдердің спортшыларымен кездесу Каспий маңы мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайтуға, аралық достықты дамыту және спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram