Атырауда қатты желден көпқабатты үйдің қаптамасы бүлінді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында үшінші күн қатарынан соққан қатты желдің салдарынан көпқабатты үйдің қаптамасының бір бөлігі бүлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырауда үшінші күн қатарынан соққан дауыл желдің екпіні басылар емес. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетті. Кеше Атырау қаласын шаңды дауыл басып қалды.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күшті желдің салдарынан Исатай-Махамбет алаңындағы декоративті арка бүлінген. Сондай-ақ, Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйдің қаптамасының бір бөлігі жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ, кейбір жарнама баннерлерін де жел жарамсыз еткен.
«Мерекеге қарамастан, бүлінген арка, көпқабатты үй қаптамасы мен баннерлер қалпына келтіріліп жатыр», - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметі.