02:17, 09 Мамыр 2017 | GMT +5
Атырауда «Қайрат» ФК шабуылшысы Жерар Гоудің бас киімін тапа-тал түсте ұрлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда әлеуметтік желілер арқылы ең белсенді талқыланған тақырып - Кот-д-Ивуар елінің азаматы, бүгінде «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Жерар Гоудың көптеген көрермендердің көзінше бас киімінің ұрлануы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Иа, расымен де ондай жағдай болды. Кот-д-Ивуар азаматы құзырлы органдарға арыз берген жоқ. Алайда, біз ол оқиға туралы әлеуметтік желілерден білдік»,-деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, футболшының бас киімін ойыншылар сап түзеп кетіп бара жатқан сәтте жанкүйерлердің бірі жұлып алып кетті. Осы оқиғаға өз пікірін білдірушілердің барлығы бұның атыраулық футбол жанкүйерлері үшін ұятты жағдай болғанын жазуда. Көпшілігі келесі жолы Жерар Гоу Атырауға келгенде оған оған жаңа бас киім мен Атыраудың логотипі бар бейсболка сыйлау қажет деген пікірлерін білдірді.