15:59, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Атырауда «ҚМГ» АҚ-на 2,8 млрд. теңгеге жуық көлемінде айыппұл салынды
АТЫРАУ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на 2 млрд. 710 млн. 802 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аймақта 30-дан астам кен орындарын өңдейтін, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды бұрғылайтын компанияға экологияны ластағаны үшін айыппұл салынды.
«Атырау облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті атқарушы өндірісті қозғады. Атқарушы өндірісті тексеру барысында сот орындаушысы айыппұл сомасын төлету бойынша қажетті шараларды қолданбағаны анықталды. Осыған байланысты қала прокуратурасы заңдылықтың бұзушылықтарын жою және сот шешімін орындау бойынша нақты шараларды қолдану туралы шешім шығарды. Нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-нан мемлекет пайдасына 2 710 802 921 көлеміндегі ақша алынды», - деп хабарлады облыстық прокуратудан.