Атырауда көктемде 56 учаскені су басу қаупі бар

 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көктемде еріген қар және жаңбыр суы салдарынан 56 учаске су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қаланың түрлі жерінде орналасқан 56 учаскенің 11-і аса қауіпті болып табылды. Бұл аумақтарда тек тұрғын үйлер емес, мектептер мен балабақшалар да орналасқан. Қазіргі таңда облыс орталығында белсенді қар тазалау және оларды қала сыртына тасу жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз. Шұғыл желі нөміріне жеке үйлерде үйіліп қалған қарларды шығару туралы хабарламалар келіп түсуде. Бірақ жеке кәсіпорындар мен мекемелер аумағында қар көп. 2016 жылы Сәтбаев көшесінің бойына сынақ негізінде дренажды жүйе орнатылды. Қазіргі таңда өз пайдасын тигізуде. Биылғы жылы дренажды жүйені облыс орталығының 13 учаскесіне орнату жоспарымызда бар. Консультация үшін Голландия, Аустрия мен Ресей елдерінен жұмыс тәжірибесі мол мамандар шақырылды», - деп хабарлады Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов ТЖ бойынша өңірлік комиссия отырысында.

Соңғы жаңалықтар