Атырауда көлігімен 17 келі марихуана тасымалдаған жүргізуші қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлігімен 17 келі марихуана тасымалдаған жүргізуші ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, обыстық прокуратураның бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті және полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бірлесуімен аса ірі көлемде есірткі тасымалдау фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел алдын алу шарасы кезінде «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 30-шақырымында «Toyota Ipsum» маркалы көлікті тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 17 келі тартатын марихуана табылған. Есірткі заты тәркіленді.

«Қазір аталған дерек бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аса ірі көлемде есірткіні көлігімен тасымалдаған жүргізуші ұсталды. Күдікті қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткі притонын ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталғанын хабарлаған едік.

Өзбекстан Республикасында тұратын 1998 жылғы әйелдің жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек пен синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылған.

Айғақ ретінде тіркеуге алынған заттар тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар