Атырауда көлік қаққан 63 жастағы кісі ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлік қаққан 63 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда көлік қаққан 63 жастағы кісі ауруханаға жеткізілді

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 ақпанда болған.

«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде сағат 20:00 шамасында «Mitsubishi Galant» маркалы жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргіншінің жасы 63-те. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтпек болған. Жеңіл көлікті 1998 жылғы жүргізуші басқарған. Көлік қаққан жүргінші жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын бастады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 14 жастағы жасөспірім қызды көлік қағып кеткенін жазған едік.