Атырауда көлшіктен 3 млн шабақ құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы көлшіктен 3,5 млн-ға жуық шабақ құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайында көктемде өзеннен келген судан шағын көлшік пайда болған.

«Сайдағы сазан, мөңке балықтарының шабағын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Оған жергілікті атқарушы орган, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен ауылдың ерікті жастары, сондай-ақ, «Каспий балық», «Амангелді» ЖШС-нан 60 адам жұмылдырылды. Аталған сайдан шамамен 3 миллионға жуық шабақ құтқарылып, Қиғаш өзеніне жіберілді», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілген болатын.



Соңғы жаңалықтар