Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне қаршыға ұшып кірген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен шыға алмаған қаршыға құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне қаршыға ұшып кірген

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 13.55-те тіркелген.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан №7 үйдің тұрғындарынан кіреберіске жыртқыш дала құсып кіріп кеткені туралы хабар түсті. Шақырту орнына келген құтқарушылар тұрғын үйдің кіреберіске кірген құстың қаршыға екенін анықтады. Құтқарушылар сұңқарды ұстап алып, еркіндікке жіберді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Әзірге қаршығаның қозғалысы көп қалаға қалай келгені белгісіз. Дегенмен, өздігінен далаға шығар жолды таба алмаған құсты құтқаруға жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 4-қабаттан құлап, күнқағарға ілініп қалған ер адам құтқарылғанын жазған едік.