Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Соңғы аптада «сары» аймаққа тұрақтаған Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеді

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 43 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны ПТР-тест арқылы расталған.

«Науқастардың арасында Атырау қаласынан 16 бар. Ал Теңіз кенішінде 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 3, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталды. Қауіпті вирустың симптомды түрі 9 науқастан табылды. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 44 адам емделіп шықтыә –деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір өңірде 370 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарда 71, аудандардағы стационарларда 24 науқас ем қабылдауды жалғстыруда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда былтырғы наурыздан бері 643 мың ПТР-тест жүргізілгенін хабарлаған едік.