Атырауда коронавирус жұқтырған 29 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атырау облысында коронавирус жұқтырған 29 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда коронавирус жұқтырған 29 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен 29 науқастың 7-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Өңірде 2 098 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 460 адам ем алып жатыр. Инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 21,9%. Ал, 81 орындық жансақтау бөлімінде 29 науқас оқшауланды. Мұндағы жүктеме 35,8%» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметін.

Былтырғы наурыздан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 24 135 адамға жеткен. Науқастардың арасынан 22 891 адам сауығып шыққан. Бұл қауіпті вирусқа шалдыққандардың 94,8%-ы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.