Атырауда коронавирус жұқтырған 385 адам оқшауланды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде 69 науқас Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде – 7, Жылыой ауданында – 10, Исатайда – 3, Индерде – 2, Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Мақат ауданында 2 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылған.
«Қазір 397 науқас коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 161, №2 облыстық ауруханада – 110, аудандардағы стационарларда – 77, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 адам емделуде. Ал, үй жағдайында емделу үшін 385 адам оқшауланды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар қайта көбейгенін хабарлаған едік.