Атырауда коронавируспен ауырған 80 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясымен ауырған 80 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда коронавируспен ауырған 80 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарларда қауіпті вирусқа шалдыққан 1 700 науқас оқшауланған.

«Инфекциялық стационарларда 3 012 төсек-орын бар. Қазір стационарлардағы жүктеме 56,4%-ды құрап отыр. Ал, стационарлардың 114 орынға есептелген жансақтау бөлімінде 80 науқас ем-дом қабылдауда. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 70%-ға жетті», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау стационарларының жансақтау бөліміндегі жүктеме 70 пайыздан асқанын хабарлаған болатынбыз.