02:44, 05 Тамыз 2020 | GMT +5
Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 72 пайызға жетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10 383 науқастың бүгінде 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет.
Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс»,- деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.