Атырауда құрылыс басында Өзбекстан азаматы қаза болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мәдени орталықтың шатырын бұзу жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан азаматы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«21 жастағы Өзбекстан азаматының қаза болу фактісі тіркелді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілетін болады», - деп хабарлады Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Мәдениет орталығының ғимаратын бұзу жұмыстарына жетекшілік ететін мердігерлік ұйымның өкілі мәлім еткендей, олар жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойындарына алады. Сондай-ақ ажал құшқан азаматтың отбасына материалдық көмек көрсетеді.