Атырауда күшті жел шатырларды қиратуда

АТЫРАУ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда күннің екінші жартысында желдің екпіні 20-25 м/с-қа жетті.

Атырауда күшті жел шатырларды қиратуда

Осы уақытқа дейін келген ақпаратқа сәйкес, облыс орталығының «Алмагүл» шағынауданындағы орналасқан ірі супермаркеттің шатырын жел ұшырып әкетті. Супермаркеттің жанындағы тұрақта тұрған екі көлік жарықшақтың астында қалды. Зардап шеккендер жоқ. Амандосов көшесі бойында орналасқан тағы бір дүкеннің шатыры күшті желдің екпінімен ұшырылып кетті. Бірнеше тұрғын үйлердің төбе жабындысы, шатырдың металл жабындарына зақым келтірілген.

Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің таратқан ескертпе хабарламасына сәйкес, жел күшейеді, жекелеген аудандарда желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.