Атырауда құтқарушылар жаңа жыл түнінде жасөспірімнің саусағындағы сақинаны шешуге көмектесті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құтқарушылар жаңа жыл түнінде жасөспірімнің саусағындағы сақинаны кесіп алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда құтқарушылар жаңа жыл түнінде жасөспірімнің саусағындағы сақинаны шешуге көмектесті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 қаңтарда түнде болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 01:46-да жасөспірімнің саусағына сақина кептеліп қалғаны туралы ақпарат түсті. Ооблыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 15 жастағы жасөспірім жүгінген. Құтқарушылар оның саусағындағы сақинаны арнайы құралмен кесіп алды. Жасөспірімнің денсаулығына зиян келген жоқ», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Аяз ата мен Ақша қар киіміндегі құтқарушылар балаларды құттықтаған еді.