Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды. Жаңа нысан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«KMG Automation» - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және энергияны басқару мен өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы ірі әлемдік көшбасшылардың бірі «Schneider Electric» компаниясы бірігіп құрған кәсіпорын.  Онда өндірілетін қысым құрылғылары  әртүрлі өндірістік және климаттық жағдайларда кез келген ортаның қысым деңгейін анықтап, өлшеуге мүмкіндік береді.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі, жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялардың, ұйымдардың басшылары мен өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.null 

  «Елбасымыз үкіметке, орталық жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компания басшыларына өнімді шикізат ретінде пайдаланып қана қоймай, оны терең өңдеп, қосымша құны жоғары өнім шығаруға тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау барысында облыста  полиэтилен шығаратын мекеме ашылды, полипропилен өндіретін мекеме құрылысы жүруде. Бұл істер жалғасын табады. Өлшеу құралдарын шығару кәсіпорнының ашылуы да қажеттіліктің бар екенін көрсетеді. Өнім сапасы мен өнімділікті арттыру жөніндегі мәселелер бақылауда  болады. Мамандардың біліктілігі мен тәжірибесі жоғары болғандықтан әлемдік стандарттарға сай өнім шығатынына сенім мол»,- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.null

Айта кетейік, зауыт бірінші кезеңде датчиктерді серіктестер ұсынатын құрамдас бөліктерден құрастырады, бұл қазақстандық үлесті 60% дейін арттырады. Өндіріс 1-кезеңде болжам бойынша, 2000 бірлікке дейін өнім өндіреді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар