Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды. Жаңа нысан ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Schneider Electric» құрған «KMG Automation» бірлескен кәсіпорнының күштері жүзеге асырып жатыр. Аспаптар түрлі өндірістік жән климаттық жағдайда қысымды өлшеуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының, Атырау қаласының басшылығы, қазақстандық және халықаралық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

null«Мемлекет басшысы Үкіметке, орталық атқарушы билік органдарына, ұлттық компанияларға отандық өнімдерді пайдалануды тапсырды. Өлшеу құрылғылары өнімдерінің сапасы мен зауыт өнімділігін арттыруға байланысты мәселелер бақылауға алынған. Мамандардың кәсібилігі мен тәжірибесінің арқасында өнімнің әлемдік талаптарға сәйкес болатынына сенімдіміз», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.null

Айта кетейік, зауыт бірінші кезеңде серіктестер жеткізетін датчиктерді құрастыратын болады, кейін қазақстандық үлесті 60% -ға дейін арттырады. Өндірістің бірінші кезеңінде жылына 2000 данаға дейін өнім өндірілмек.

Соңғы жаңалықтар