Атырауда «Лексус» жүргіншілер жолағында әйел адамды қағып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адамды «Лексус» маркалы жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады. Сондай-ақ, қазіргі сәтте әйелдің облыстық ауруханада ем алып жатқанын хабарлады.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, әйелді қаққан жүргізуші - 24 жастағы жігіт.
Автор: А. Соколов.