Атырауда медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңгеден астам үстемақы төленді

«Атырау облысында 1085 медицина қызметкері коронавирус пен вирусты пневмония жұқтырды. Оның ішінде коронавирус жұқтырған - 561, вирусты пневмония диагнозымен - 524 медицина қызметкері тіркеуге алынды. Осы кезге едйін 79 медицина қызметкерінің әрқайсына 2 миллион теңгеден өтемақы төленді. Қауіпті індеттен қайтыс болған 2 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, Атырау облысында пандемия салдарынан 13 медицина қызметкері көз жұмды. Оның алтауы - коронавируспен, жетеуі - вирусты пневмониямен ауырған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық жайы талқыланған.