Атырауда меморган басшылары әлеуметтік желі арқылы есеп бере бастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілер арқылы есеп бере бастады. Мемлекеттік қызметшілер Атырау облыстық әкімдігінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл бастама Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр. 1 ақпанда әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нұрлы Хабиева жауап берді.

«Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша біз әлеуметтік желілер арқылы жасалып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы айтамыз. Қазір тұрғындардың көпшілігі ақпаратты әлеуметтік желілерден алатындықтан осы үрдісті дұрыс деп ойлаймыз. Біз ашық диалогқа, жұмысымызды анық, адал жасауға қашан да дайынбыз», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев.

Жұмыспен қамту, жәрдемақы есептеу, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың мәселелері талқыланған тікелей эфир екі сағатқа созылды. Тікелей эфирді 5 мыңға жуық адам тамашалап, 100-ден астам сұрақ қойылды.

null

Соңғы жаңалықтар