Атырауда Mercedes көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына себепші болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі «Лада» көлігімен бетпе-бет соқтығысып, кісі өліміне алып келген жол-көлік оқиғасының орын алуына себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол-көлік оқиғасы «Доссор-Құлсары» автотрассасында орын алды. Mercedes көлігін басқарып келе жатқан 28 жасар Атырау тұрғыны жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лада» көлігімен соқтығысты. Оқиғаның салдарынан шетелдік көліктің ішінде отырған жолаушы ауыр дене жарақаттарын алып, медицина қызметкерлері көмекке жеткенше көз жұмды. Аталған факті бойынша «ҚР ҚК 345 бабы, 3 тармағы бойынша (Көлік басқарып келе жатқан азаматтың соңы адам өліміне алып келген жолда жүру ережесін бұзу әрекеті) бойынша қылмыстық із қозғалды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүрп жатыр»,-деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.